Жаңалықтар

«Egemen Qazaqstan» газеті жас журналистерге арналған байқау жариялады

«Egemen Qazaqstan» өзінің жылдағы дәстүрі бойынша жас журналистерге арналған «Үміт» конкурсын жариялайды. Бас басылым бәйгесінің биылғы сыйлығы «Тәуелсіздік – тұғырым» деген тақырыпқа арналып отыр. Бұл туралы Елорда Инфо басылымның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Үміт» конкурсы жылына 1 рет, журналистердің кәсіби мерекесіне орай – 7-10 сәуір аралығында жарияланады. Конкурсқа 18 бен 35 жас аралғындағы журналистер қатыса алады.Үміткерлердің материалдары конкурс жарияланған күннен бастап, 1 ай мерзім ішінде қабылданады.

Конкурстың тақырыбы жыл сайын өзгеріп тұрады және оны «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ редакция алқасы бекітеді. Конкурсқа келіп түскен материалдарды «Egemen Qazaqstan» газетінің редакция алқасынан құралған комиссия бағалайды.

Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, 1, 2, 3-орындар жүлделі орын ретінде белгіленеді. Олардың әрқайсысына: 1-орынға – 300 000 теңге, 2-орынға – 200 000 теңге, 3-орынға – 150 000 теңге ақшалай сыйлық және арнайы кәдесыйлар тапсырылады.

Конкурс жеңімпаздары журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталады. Марапаттау рәсімі өтетін орын қосымша жарияланады.

Байқауға қатысу шарттары газеттің ресми сайтында көрсетілген.

elorda.info

Back to top button