Жаңалықтар

Сархат Бейсенова: Діни мереке – қасиетті Рамазан айында карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пандемия кезінде шектеу сипатындағы барлық шараларды ескеруді және сақтауды ұсынады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Біздің қоғам үшін маңызды діни мереке – қасиетті Рамазан айы жақындап келеді. Бұл біздің еліміздің көптеген азаматтары үшін үлкен маңызға ие. Қаланың барлық азаматтарын мереке күндері түсіністікпен қарап, карантин режимін қатаң сақтауды сұраймыз. Біз діндар адамдардың рухани және діни сезімдеріне терең құрметпен қараймыз. Алайда қауіпті вирустық ауру пандемиясы барлығының денсаулығына қауіп төндіреді», – деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова.

Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті шектеу сипатындағы барлық шараларды ескеруді және сақтауды, атап айтқанда, ұжымдық іс-шараларды, оның ішінде үй жағдайында өткізбеуді ұсынады. Сонымен қоса, қонақасы немесе бірге уақыт өткізу үшін келгісі келетін отбасы мүшелері мен достары болып табылады – бұларға жол берілмеу керек. 65 жастан асқан адамдар тәуекел тобында қалады, осыған байланысты қасиетті Рамазан айында ауызашарды тек отбасы ортасында өткізу ұсынылады.

«Пандемия кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін ұмытпаңыз. Сондықтан біз барлық ұсыныстарды орындауға және пандемиямен күресте жауапкершілік пен бірлікті көрсетуге шақырамыз», – деп қосып өтті С.Бейсенова.

Алтын Өмір

Алтын Өмір, Elorda.info сайтының тілшісі

elorda.info

Back to top button