Қазақстанда 54 адам коронавирустан жазылып, ауруханадан шықты

0
84
Фото интернеттен алынды

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус жұқтырған тағы 1 науқас сауығып шықты, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, бүгін түстен кейін елімізде жалпы 54 адам үйлеріне шықты. Оның 29-ы Нұр-Сұлтан, 23-і Алматы қалаларының стационарларынан шықса, қалған 2 науқас – СҚО және Ақтөбе облысының азаматтары.