Жаңалықтар

«ЭкоАсар – Ізгі істер марафоны» байқауының жеңімпаздарын құттықтау рәсімі өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы мен Білім беруді жаңғырту орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесімен бірге «ЭкоАсар – Ізгі істер марафоны» байқауының жеңімпаздарын құттықтау рәсімін өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Мерекелік шара Елордалық №43 мектепте оффлайн-форматта ұйымдастырылды.

Байқау жеңімпаздарына 110 түптен астам алма ағашын елімізге танымал бағбан-селекционер Кәрімов Қайрат Боранбайұлы тегін тараттты. Алма ағаштары солтүстік өңірдің климатына ыңғайланған, сұрыптары жаңа.

Мерекелік шараға Орал қаласындағы халықаралық тәжірибелік коллекциялық бағының басшысы Кәрімов Қайрат Боранбайұлы, «ӨКМ Операторы» ЖШС-ң стратегиялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Хайрулла Қайратғали Сағынғалиұлы, Рухани жаңғыру кеңсесінің басшысы  Ақтаева Ақерке, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының қызметкері Абдрасилов Нұржан Аманғалиұлы, Нұр-Сұлтан қ. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Қожабаева Алия Толеутаевна, «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ төрағасы Садвакасова Динара Тайбасаровна,   «Nur Otan» партиясының «Бірлік» филиалының төраға орынбасары Қожахметов Шыңғыс және «ЭкоАсар» жобасының көшбасшылары қатысты.

«Бүгін елорданың №43 мектеп саябағында Орал қаласынан әкелінген алма ағаштарын отырғыздық. Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 принциптен тұрады. Сонымен қатар 17 арнайы жобасы бар. Соның бірі «Үнем қоғам қуаты» жобасы. Бұл жобаның басты мақсаты — қоғамда прагматизм қасиетін дамыту, кеңінен насихаттау және табиғаттағы ресустарға деген прагматизм қағидасын қолдану. Біз осы принциптерді қалыптастырып табиғатқа деген мейірімділікті арттыруға үлесімізді қоссақ дейміз. Алма ағаштарын отырғызып қана қоймай, оларды күтуді үйрету. Сондай-ақ бүгінгі уақытта «Экоасар-игі істер марафоны» акциясы жалғасуда. Қазіргі уақытта 80-нен астам білім беру мекемелерінің белсенді қатысуының нәтижесінде 1 млн 118 мың теңге сомасына 25453 кг маклатура мен пластикті жинап, одан әрі өңдеуге тапсырылады. Қайталама шикізатты өткізуден түскен қаражатқа елордалық мектептер  мен балабақшаларды көгалдандыруға, гүл отырғызуға бағытталатын болады», — деді Рухани жаңғыру кеңсесінің басшысы Ақерке Ақтаева.

«ЭкоАсар – Ізгі істер марафоны» қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға мектеп жасынан үйретуді көздейді. 2020-2021 оқу жылынан басталған «ЭкоАсар» жобасы аясында 9 мектеп жеңімпаз атанды. Қатысушылар «Оператор РОП» ЖШС атынан ақшалай сертификаттарды иеленген.

Алтын Өмір

Алтын Өмір, Elorda.info сайтының тілшісі

elorda.info

Back to top button