Нұр-Сұлтанда қанша адамның коронавирусты шетелде жұқтырғаны белгілі болды

0
78
фото интернеттен алынды
фото интернеттен алынды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Нұр-Сұлтанда қанша адамның коронавирусты шетелден «әкелгенін» айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар тіркеле бастағаннан бері есептесек, Нұр-Сұлтанда 221 жағдайдың 28-і шетелден «келген». Ал Алматыда 116 жағдайдың 35-і сырттан жұққан. Яғни, бұлар қазақстандықтардың немесе басқа азаматтардың біздің республикаға келуімен байланысты», – деді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.