Елімізде тағы екі адам коронавирустан жазылды

0
126

Алматы қаласында екі адам коронавирус індетінен айықты, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Коронавирустан жазылып шыққандар – 1997 және 1998 жылғы қыздар. Олардың бірі 15 наурызда Ыстанбұл – Алматы рейсімен ұшып келген, екіншісі бұған дейін вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Осылайша, Қазақстан бойынша қауіпті індеттен айыққандар саны 44-ке жетті», – деп хабарлады Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.