Жол қозғалысы саласында кешенді бағдарлама аясындағы жұмыстың 80 пайыздан астамы орындалды

0
26

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, республикалық маңызға ие жолдарда жол жағдайы элементтерін жайластыруға бағытталған 2020 жылға арналған Мақсатты кешенді бағдарлама аясындағы жұмыстарды жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды Елорда Инфо Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақавтожол» ЖШС мамандары жолдың 436 мыңнан астам шаршы метрінде шұңқырларды жамау жұмыстарын, 98 мыңнан астам шаршы метрінде жолдың кедір-бұдырлығын жойды, 11 мыңнан астам жол белгісін, 400 панноны, 80 жарықдиодты жол белгісін және көпір қоршауларының 1500 қума метрін орнатып, ауыстырды. Бұдан бөлек, 161 автопавильон мен демалыс алаңдары жөнделіп, жолдың 2000 шаршы метрінде шуыл жолсызығы жайластырылды, 2700-ден астам шақырымда сілтеуіштер, 25мың сигналдық бағаншалар орнатылды. Кейбір заманға сай инновациялық иілгіш бағаншалар көліктердің соққыларынан кейін де қайтіп өз қалпына келе алады. Сондай-ақ, ел жолдарында қоршаулардың 37 мыңнан астам қума метрі орнатылды, жолдың қозғалыс бөлігінің 23 мыңнан астамы таңбаланды.

Бұл көрсеткіштер жылдың бағдарлама аясындағы жұмыстардың 80%  құрайды. Жолшылар жұмыстарды үздіксіз атқаруда.