Футболдан Қазақстан құрамасы 21 жасқа дейінгі іріктеу турнирін қыркүйекте бастайды

0
30

Қазақстан футбол федерациясы футболдан 21 жасқа дейінгі командалар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ұлттық құраманың жарыс кестесін ұсынды, деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған турнир коронавирус індетіне байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Қазіргі сәтте Қазақстан командасы алтыншы топта үшінші орында келеді.

Отандық футболшылар 3 қыркүйек күні жарысты бастайды. Команда қарсыласы – Черногория құрамасы.