Универсиада кезінде волонтер болуға 10 мың адамнан ұсыныс түсті — волонтерлер лигасының төрайымы

0
80
фото интернеттен алынды
фото интернеттен алынды

Қазақстан волонтерлері лигасының төрайымы Айсұлу Ерниязова еріктілердің жұмысы, олардың қызығушылығын арттыру жолдары жайлы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Біз еріктілер көптеп қатысатын болғандықтан осы авторлық жүйені құрдық. Мысалы, Универсиадаға 10 мыңнан астам волонтер келді. Осы жүйенің арқасында біз жақсы істерді кім жасайтынын түсіндік», — дейді ол

Өз сөзінде ерікті тренингтен өтетінін қозғап өтті

«Волонтерлікті үйрену керек. Еріктілердің біразы түрлі сынақтарға дайын болмай жатады. Іс жүзінде неше түрлі жайттар болуы мүмкін. Ірі жобалар өткен кезде еріктіліктің өзектілігі төмендейді. Осындай жағдайда біз ұйым ішінде мотивация жасауды қолға алдық, яғни балалар өзара жақсылық жасай отырып жарысады. Осылайша, еріктілер тобы таңдалады. Олар команда жинап, өздерінің авторлық жобаларын жасай алады. Бізде қазір республикалық ауқымда жүзеге асырылып жатқан көшбасшылар мен жаңа жобалар пайда болып жатыр», — дейді Айсұлу Ерниязова.