Жақсылық Үшкемпіров Кеңсай зиратына жерленді

0
41
Фото ашық көздерден алынды

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкепіров Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Бұл туралы Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«Бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық аға Үшкемпіровті ақтық сапарға аттандырдық. Ол Кеңсайға қойылды. Қаймана қазақты жатсынбай бауырына тартатын. Ұлтты бөлмей сүйетін. Қашан көрсең жарқылдап жүретін. Өзі айтқандай, Жақсылық ағамыздай бес мың жігіт болса, күллі қазақ ауылдарын дүркіретіп көтеруге болады. Аты жаман дерт талай асылымыздан айырды. Ендігі қалған жұртқа Алла амандық берсе екен. Мәңгілік мекенінде боз төбе болып қалды қайран ер! Бақұл болыңыз, Жақсылық аға!» – деп жазды Берік Уәли.