ЖаңалықтарТәуелсіздіктің 30 жылдығы

Елордада жастар ұйымдары Мемлекеттік рәміздер күніне орай патриоттық акция өткізді

Бүгін, яғни 4 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Республикалық жастар ұйымдары Мемлекеттік рәміздер күніне арнап патриоттық акция өткізді. Бұл туралы Елорда Инфо Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл акция Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілді. Сондай-ақ, осы мерейтой аясында маусым патриотизм айы болып белгіленді.

Акция барысында қазақстандық жастардың жасампаздық және рухани-адамгершілік дамуына бағытталған жастардың Патриоттық актісі жарияланып, қабылданды.

Жастар белсенділері Тәуелсіздіктің ұрпағы және құрдасы бола отырып, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін терең құрметтеуге және Отанымыздың өркендеуін қамтамасыз ету үшін аға буынның жасампаз бастамаларын жалғастыруға шақырды.

Іс-шараға республикалық жастар ұйымдарының: Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы, «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» Жастар қанаты, «Қазақстан жастары Конгресі», Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығы, «Жас ұлан» республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымы, Қазақстан Студенттер альянсы, Қазақстан КВН Одағының басшылары мен өкілдері қатысты.

Іс-шара әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсетілді.

Жастар ұйымдарының аймақтық филиалдары мен жастар ресурстық орталықтары да акцияны қолдады және оны арнайы #Менің рәміздерім; #Менің Туым; #Менің Қазақстаным; #Рәміздер күні хэштегтер арқылы насихаттады:

elorda.info

Back to top button