Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА қоғамдық институттарының жұмысын жандандыруды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып жатқан жұмыстары, XXIX сессия қорытындылары және этносаяси саладағы өзекті үрдістер туралы ақпарат берілді.

Кездесу барысында Ассамблеяны одан әрі дамыту, талдамалық және мониторингтік, аймақтық және жастар қызметінің бағыттарын күшейту мәселелері қаралды.

Президентке қоғамдағы этносаралық шиеленістің алдын алу, этностардың келешектегі интеграциялануы, Ассамблеяның Қазақстан халқын азаматтық біртектілік пен бірлік қағидаттарына шоғырландыруға бағытталған арнайы жобаларының жүзеге асырылуы жайында баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының барлық қоғамдық институттарының жұмысын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

elorda.info

Back to top button