Жаңалықтар

«Astana – Premier Tech» «Джиро д’Италия» додасына қатысатын құрамды жариялады

Astana – Premier Tech осымен 104-ші рет өткізілетін әйгілі «Джиро д’Италия» велокөпкүндігіне қатысатын команда құрамын жариялады. Жарыс 8 мамыр күні Туринде басталады деп хабарлайды Елорда Инфо Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Италия жеріндегі дүбірлі додаға астаналық команда сапынан төмендегі спортшылар қатысады: Самуэле Баттистелла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Горка Исагирре (Испания), Вадим Пронский (Қазақстан), Луис Леон Санчес (Испания), Маттео Собреро (Италия), Харольд Техада (Колумбия), Александр Власов (Ресей).

Спорттық директорлар: Джузеппе Мартинелли (Италия), Бруно Ченьялта (Италия), Стефано Занини (Италия). Джиро д’Италия веложарысы 21 кезеңнен тұрады. 30 мамырда жарыс мәресіне жетеді.

elorda.info

Back to top button