Жаңалықтар

КВИ белгілері бар пневмония: 10 науқас тіркелді, 3 адам көз жұмды

Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«2.05.2021 ж. коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 50 адам емделіп шықты», – делінген хабарламада.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 53 093, 812 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51 870 жетті.

elorda.info

Back to top button