Жаңалықтар

Елорданың бас санитарлық дәрігері карантиндік шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантин шаралары туралы жаңа қаулыға елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова 3 наурызда қол қойды, деп хабарлайды Елорда Инфо қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа қаулы бірқатар өзгерістерді қарастырады. Атап айтқанда базарлардың жұмыс уақыты ұзарды, оның ішінде демалыс күндері де олардың қызметіне рұқсат етілді. Сондай-ақ қашықтан жұмыс істейтін мекеме қызметкерлерінің саны 50%-ға дейін қысқартылды.

Жарияланған құжатта сондай-ақ «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдаланатын бизнес субъектілерінің жұмыс алгоритмі көрсетілген.

Айта кету керек, жаңа қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енді. Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://astana.gov.kz/ru/news/akty_akima_akimata/26450.

elorda.info

Back to top button