Биатлоннан әлем кубогі: ерлер мен әйелдер арасындағы спринттік дода басталады

0
95

Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. 3 желтоқсан күні ерлер мен әйелдер арасында спринттен жарыс басталады. Бұл туралы Елорда Инфо Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған сынға Қазақстан атынан алты спортшы қатысады.  Ерлер арасында Александр Мухин мен Сергей Сирик бақ сынаса, әйелдер арасында Елизавета Бельченко, Алина Коломиец және Дария Климина жарыс жолына шығады.

Айта кетелік, биатлоннан әлем кубогінің алғашқы кезеңі де Финляндияда өткен болтын.