Қазақстандық бес боксшы IBF рейтингінің ТОП-15 қатарына енді

0
137

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы үздік боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Айта кетейік, ТОП-15 құрамына бірден Қазақстаннан бес боксшы енді. Орта салмақтағы IBF чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО). 10-шы орынды Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО), 11-ші орынды Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) иеленді.

Анатолий Муратов 13-ші орында (22-2-1, 15 КО) – Германияны ұсынғанына қарамастан, IBF сайтының «ел» бағанында оның Қазақстан екендігі көрсетілген (Муратов Талдықорғанда туған). Сонымен, IBF рейтингінде 14-орынды Қанат Ислам (27-0, 21 КО) иеленді.