Қазақстандық бокшы, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) рингке оралуға дайын, деп хабарлайды Елорда Инфо Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Геннадидің физикалық дайындығына жауапты Кристофер Камачо Instagram парақшасында спортшының жағажайдағы жаттығуынан фото жариялады.
Айта кетсек, Камачоның қол астында GGG және екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Али Ахмедов (16-0, 12 КО) бар.