«Qazaqstan Project Management Awards 2020» жобалық конкурсының нәтижелері жарияланды

0
149

2020 жылдың 1 қыркүйегі мен 28 қарашасы аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы, ПМК жобалық басқару орталығымен және БҰҰ Даму Бағдарламасының қазақстандық офисімен бірлесіп мемлекеттік басқаруда жобалық менеджментті жетілдіру бойынша 6 кезеңде конкурс өткізді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Конкурстың мақсаты өз қызметінде жобалық менеджменттің әдістері мен құралдарын қолданатын мемлекеттік органдарды қолдау, мемлекеттік қызметшілерді көшбасшылық пен жаңа құзыреттерді дамытуға ынталандыру болды.

Конкурс нәтижесіне сәйкес ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі орталық мемлекеттік органдар арасында «Үздік жобалық кеңсе» номинациясында үшінші орынға ие болды. Министрлік жобалық кеңсе жұмысын ұйымдастырудың жоғары сапасы, министрліктің жобалар портфелін құрылымдау және мемлекеттік орган қызметіне жобалық тәсілдерді енгізу кезіндегі кәсібилігі үшін осы марапатқа ие болды.

Марапаттау рәсімі 2 желтоқсанда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Қызыл залында» өтті.

Жобалық басқаруды енгізу мемлекеттік басқарудағы жобалық тәсілдерді дамыту идеясымен біріктірілген мемлекеттік қызметшілердің үйлесімді жұмысымен іске асырылады. Мемлекеттік басқарудың тиімділігі осы процеске барлық мүдделі тараптардың тартылуы есебінен мүмкін болады.

Айта кету керек, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы бұл конкурсты жыл сайын өткізу туралы шешім қабылдады.