Жаңалықтар

Әуе компаниялары 2020 жылы 5,5 млн жолаушыны тасымалдады

2020 жылдың қорытындысында әуе компаниялары 5,5 млн адам тасымалдады. Бұл 2019 жылға қарағанда 36% төмен көрсеткіш. Бұл туралы ҚР ИИДМ вице-министрі Берік Камалиев министрліктің алқа отырысында айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Вице-министр атап өткендей, бұған пандемия кезінде ұшуларға қойылған шектеулер әсер еткен.

Қалыптасқан жағдайға байланысты азаматтық авиация экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының бірі болды. Соны жеңілдету үшін отандық әуе компаниялары мен әуежайлар үшін салықтық жеңілдіктер бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды.

«Бүгінгі таңда 45 бағыт бойынша ішкі әуе рейстері қайта ашылды және 12 елмен (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Мальдив, Шри-Ланка) әуе қатынасы қалпына келтірілді», – делінген аталған ақпаратта.

elorda.info

Back to top button