Жаңалықтар

Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің еңбектері насихатталу керек – Дәурен Абаев

ҚР Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев ұлт жанашыры Әлихан Бөкейхан мен Алаш қайраткерлерінің еңбектері насихатталуы керектігін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Құрметті ханымдар мен мырзалар! Өздеріңізге белгілі қазақтың азаттыққа қол жеткізуі қиын әрі күрделі болды. Бұл жолда талай ерлер басын бәйгеге тікті, жанын құрбан етті. Солардың ішінде XX ғасырдың басында саясат сахнасына жарқырап шыққан тұлғаларымыздың орны ерекше. Соның бірі әрі бірегейі сөзсіз Әлихан Бөкейханов. Ол саясаткер ғана емес, сондай-ақ көп қырлы талант иесі. Білгір экономист, дарынды журналист, білікті этнограф ретінде отандық ғылымның дамуына сүбелі үлес қосқан ғалым. Қазақ зиялылардың тұтас буынын тәрбиелеген ұстаз. Саналы ғұмырын халқының азаттығына арнаған қайраткер бостандыққа апаратын жалғыз жолды ұлттық ынтымақ деп білген. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Алаш аманаты өзіміздің тарихи, мәдени бірлігімізді сақтау, Алаш аманаты қоғамдық келісімді нығайту» деген болатын. Сондықтан Алаш зиялылары мирас еткен рухани мұра әрдайым ұлтымыздың қажетіне жарайды. Бұл ретте қайраткер құрметіне осындай конференция жасау өте маңызды. Әлихан Бөкейханның, жалпы Алаш қайраткерлерінің еңбегі үнемі насихатталу керек», – деді Д.Абаев.

Алтын Өмір

Алтын Өмір, Elorda.info сайтының тілшісі

elorda.info

Back to top button