Жаңалықтар

Қазақстанда телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшіріледі

Қазақстанда телерадиохабар тарату сигналы уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Елорда Инфо «Қазтелерадио» компаниясының сайтына сілтеме жасап.
«2021 жылдың 10 наурыз айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсерік, цифрлы және аналог эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыс жүргізіледі. Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», делінген хабарламада.
Айта кетерлігі «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсерік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.
«Бұл жұмыс телерадио хабарын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыс сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыс та жүзеге асырылады. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз», делінген аталған ақпаратта.

elorda.info

Back to top button