Жаңалықтар

Елорда кәсіпкерлері «Ashyq» жобасына оң пікір білдіруде – Қуанышбек Мұқаш

Нұр-Сұлтан қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қуанышбек Мұқаш пилоттық жоба жұмысының аралық қорытындысы туралы айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Ashyq» пилоттық жобасын жүзеге асыру елордада 17 қаңтарда басталды.  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша қосымша алдымен фитнес орталықтар, спа орталықтар, сауналар мен бассейндерде енгізілді. Яғни, клиенттердің қосымшаны жүктеу және QR-код бойынша сәйкестендіру бойынша міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ететін ресепшн жұмыс істейтін нысандар таңдалды», — деді Қуанышбек Мұқаш.

Бұл пилоттық жобаға ШОБ субъектілері ерікті түрде қатысады. Ол үшін infokazakhstan платформасында тіркеліп, екі QR-кодты (ғимаратқа кіру және шығу) алу керек.

«Қазіргі уақытта барлық кәсіпкерлер жоба туралы оң пікір білдіруде. Өйткені бұл олар үшін өз клиенттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қосымша шарасы. Егер пилоттық жобаның нәтижелері туралы айтатын болсақ, қаңтар айынан бастап «Қызыл» мәртебесі бар бірнеше адам анықталды. Тексеру кезінде олардың көпшілігі бұған дейін ауырғаны анықталды. Бірақ әр түрлі себептермен ПТР деректер базасында қателіктер жіберілген. Мысалы біреу фамилиясын өзгертуі мүмкін, басқа да түрлі мәселелер туындағанымен олар тез шешілді»,- деді.

 

 

elorda.info

Back to top button