Жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда COVID-19 инфекциясының таралуы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8% төмендеді

 Елордада COVID-19 инфекциясының таралуы қаңтар айымен салыстырғанда 33,8% төмендеді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Елордадағы эпидемиологиялық жағдай және «Ashyq» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы» тақырыбында өткен онлайн брифингте қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«COVID-19 қабылданған шектеу және эпидемияға қарсы шараларының арқасында қалада COVID-19 ауруы қаңтар айымен  салыстырғанда 33,8% – ға төмендегені байқалады. Бүгінгі күні қала эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша матрицаға сәйкес апталық қарқынды көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққандағы – 53,96  Нұр-Сұлтан қаласы «сары аймақта» тұр; репродуктивті саны 0,997», деп көрсетті Сархат Бейсенова.

Қалада барлық жастағы және контингенттер арасында CОVІD-19 жағдайларын тіркеу жалғасуда. Ағымдағы жылы барлығы 6707 зертханалық расталған CОVІD-19 жағдайы тіркелді және 85 клиникалық-эпидемиологиялық расталған CОVІD-19 жағдайлары ПТР-тестінің теріс нәтижесімен тіркелді.

Сархат Бейсенованың айтуынша қалада тәулігіне 68 инфекция жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 симптоматикалық жағдай, 31 симптомсыз түрі, 73 ошақ анықталды. Сонымен қатар симптомдары бар науқастардың үлес салмағының шамалы қаңтар айнан -65,2 %-дан ақпан айына 68,09 %-ға дейін өсуі байқалады, атап айтқанда, 50 жастан асқан адамдар арасында симптомдармен сырқаттану 3,5% – ға өсті.

Бұрынғыдай, көбінесе 30-39 жастағы адамдар басым ауырады, олар  – 24,8% құрайды және 50 жастан асқан адамдар – 23,5 %, жалпы сырқаттанушылықта ауырған балалардың үлесі – 14,9% құрайды.

elorda.info

Back to top button