Жолдау: Президент шенеуніктер санын 25 пайызға қысқартуды тапсырды

0
144

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты 25 пайызға қысқартуды жылдамдатуды тапсырды, деп хабарлайды Елорда Инфо тілшісі.

«Мемлекеттік қызмет жүйесін қайта іске қосу қажет. Пандемия және мемлекеттік органдар қызметкерлерінің көпшілігін қашықтан жұмыс режиміне көшіру ісі мемлекеттік аппаратты қысқартуға болатынын және қажет екенін көрсетті», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.
Президент мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерін қысқарту мерзімін жеделдетуді тапсырды.
«Биыл оларды 10 пайызға, ал келесі жылы тағы 15 пайызға қысқарту керек. Осылайша, шенеуніктерді 2021 жылы 25 пайызға қысқарту мәселесін шешеміз. Нәтижеге байланысты және цифрландыруды ескере отырып, одан әрі қысқарту туралы шешім қабылдаймыз. Үнемделген қаражат есебінен өзге қызметкерлердің жалақысы көтеріледі. Төмен ақы төленетін мемлекеттік қызмет қоғамға тым қымбат. Бұл мәселені түсінбеушілік теріс селекцияға, құзыретін, бастамасын жоғалтуға және ең бастысы сыбайлас жемқорлыққа алып келеді», – деді Мемлекет басшысы.