00:00
Астана -10oC
USD:
477.03
EUR:
521.44
RUB:
5.43
Іздеу

«Сарыарқа» халық музыка ансамблі концерттік маусымын қорытындылады

28.05.2024 | 13:38
391
 «Сарыарқа» халық музыка ансамблі концерттік маусымын қорытындылады

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның «Сарыарқа» халық музыка ансамблі ХХVI концерттік маусымын қорытындылады. Соған орай өнер ұжымы  «Тұғырлы ел» концертін өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақ музыкасына деген шынайы сүйіспеншілік, дарындылық пен аспаптарды шебер меңгеру, ондаған жылдар бойы ұлттық мәдени мұраны сақтап, кеңінен насихаттап келе жатқан атақты топтың жетістігінің кепілі.

Концертте «Сарыарқа» халық музыкалық ансамблі музыканттарының сүймелдеуімен белгілі композиторлар Қарагөз Гасимованың «Аңыз дала», Тоғжан Жахиннің «Думанды Сарыарқа», «Сарын», «Сақ даласы», Шығыс Маханның «Аққу арман» және Ержан Тоқсабановтың «Тұғырлы ел» шығармалары орындалды.  

Ансамбль әртістері Әділет Сейітқұлов, Ақерке Жөкен, Қарагөз Гасимова, Райхан Омар, Гүлдара Нариман, Венера Дүйсенбекова, сонымен қатар ансамбльдің домбырашылары жеке өнер көрсетті.

Сондай-ақ, концертке халық ән бөлімінің әншілері, Мәдениет саласының үздігі Айгерім Нартүйе, Нұрай Танабаев, халықаралық байқауларының лауреаттары Өзгеріс Шерікбай, Сәулежан Тағзия қатысты.

«Сарыарқа» халық музыка ансамблі 1998 жылы құрылған. «Сарыарқа» ансамблі құрамында қобыз, сыбызғы, шаң-қобыз, саз-сырнай, жетіген, домбыра, адырна, шертер, дабыл, дауылпаз, қоңырау, асатаяқ, тұяқтас сынды таңғаларлық әуезді дыбыс беретін қазақтың көне және заманауи аспаптарында ойнайтын жоғары кәсіби музыканттар жұмыс істейді. Сонымен қатар аспаптардың құрамында баян мен блок-флейта бар. 

«Сарыарқа» халық музыка ансамблінің көркемдік жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин. Халық әні бөлімінің көркемдік жетекшісі - Мәдениет саласының үздігі Телман Нұркенов.

Барлық жаңалықтар