00:00
Астана -10oC
USD:
477.03
EUR:
521.44
RUB:
5.43
Іздеу

Елордада Леонардо да Винчидің ең жұмбақ және құнды туындысы көрсетіледі

24.05.2024 | 15:33
358
Елордада Леонардо да Винчидің ең жұмбақ және құнды туындысы көрсетіледі
фото: дереккөзден

Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 7 маусым мен 4 тамыз аралығында өтетін көрмеде Леонардо да Винчидің ең жұмбақ және құнды жауһарларының бірі La Bella Principessa Қазақстан жұртшылығына ұсынылады, деп хабарлады Elorda.info.

Сурет Сфорциада Варшавалық кодексінен алынған және Милан герцогы Людовико иль Мороның қызы әрі генерал-капитан Галеаццо Сансевериноның жұбайы Бьянка Джованна Сфорцаның қырынан көрінісі деп танылған.

La Bella Principessa – шебердің пергаменттегі жалғыз туындысы болып табылады. Бұл бірегей мүмкіндік Астанадағы Италия елшілігінің, ForteBank, Mastercard, Scripta Maneant және Италия мәдениет институтының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асты. Көрме Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде 7 маусым мен 4 тамыз аралығында өтеді.

La Bella Principessa — Леонардо да Винчидің XV ғасырдың аяғында салған туындысы, онда итальяндық ақсүйектер отбасынан шыққан жас қыздың портреті бейнеленген. Жоғалып, кейін қайтадан табылған шығарма шебердің ең жұмбақ және таң қалдыратын туындыларының бірі болып табылады. Бұған дейін картина бүкіл әлем бойынша бес рет қана көрсетіліп, әр уақытта сыншылар мен көрермендердің үлкен қызығушылығын тудырды.

«Леонардо - Ренессанс адамының бейнесі, дарын, данышпандық және шығармашылықтың мәңгілік өзекті нышаны. Суретші жауһарларының бірі Астанада көрмеленуі - елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың бірегей мүмкіндігі», - деді Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Марко Альберти.

Барлық жаңалықтар