Elorda.info

Елімізде 2 500-ден астам домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындады (ФОТО)

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Amanat партиясының Жастар қанаты республикалық «Dombyra party» акциясын ұйымдастырды. Акцияға «Алтын домбыра» өнер орталығының 200-ден астам оқушысы елорда төрінде қосылды, деп хабарлады Elorda.info.

Елімізде 2 500-ден астам домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындады (ФОТО)

Бас қалада өткен акцияда «Алтын домбыра» өнер орталығының шәкірттері «Ерке сылқым», «Адай», «Балбырауын», «Әке толғауы» сияқты шығармаларды орындады. Сондай-ақ, өнер орталығының жетекшісі Ибрагим Ескендір жас домбырашылармен бірге «Көк тудың желбірегені» композициясын акапелла түрінде айтты.

Іс-шара барысында ұйымдастырушылар «Қасиетті домбыра» атты ауқымды байқау бастау алатынын айтты.

Бұл акция халық арасында ұлттық мәдениетіміздің бір бөлігі болып саналатын көне музыкалық аспапты насихаттауға бағытталған. Домбыра – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін, қазақ мәдени мұрасының ажырамас бөлігі. Осы алаңды пайдалана отырып, біз «Қасиетті домбыра» республикалық байқауының басталғаны туралы жариялаймыз, - деп атап өтті партияның жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев. 

Байқау 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 16-35 жас аралығындағы жастар арасында өтеді. Ол өтінімдерді қабылдау, офлайн тыңдау және финал болып үш кезеңнен тұрады. Өтінімдер 31 шілдеге дейін қабылданады.

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Мәдениет