00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада 150 нәресте «Сүйінші» baby-бокстарын алды

24.02.2023 | 20:12
Елорда ақпарат
7

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, Нұр-Сұлтанда 16 және 17 желтоқсан күндері 150-ден астам сәби дүниеге келді. Еске салайық, «Сүйінші» сыйлық жинағына «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» естелік монетасы, туу туралы куәлік, жас ата-аналарға арналған ақпараттандыру брошюралары, жаңа туған нәрестеге арналған түрлі керек-жарақтар мен гигиена құралдары кіреді.

«Сүйінші» сыйлық қораптарында сәбилерге арналған ең қажетті тауарлар бар. Онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау хат, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шығарылған естелік монета және баланың туу туралы куәлігі берілген. Перзентханадан шығып үлгергендерге сыйлықтары «Қазпошта» арқылы үйлеріне жеткізілді.

«Біздің қызметкерлер перзентханаларды аралап, босанған әйелдерден баланың туу туралы куәлігін алуға тікелей өтініш алды. Мәліметтер аталған құжаттарды дайындау үшін АХАТ органдарына жіберілді. Мереке күндері ХҚО, АХАТ бөлімдері, медициналық мекемелер, «Қазпошта» қызметкерлері осы бокстарды дайындау үшін жұмыс істеді», – деп хабарлады «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Сабина Тауан.

Белгілі болғандай, үйлеріне жеткізу үшін 100-ден астам сыйлық жиынтығы оралған, ал қалғаны «Қазпошта» арқылы жолданған.

Барлық жаңалықтар