00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Тәуелсіздік күні қарсаңында елордалық полицейлер марапатталды

24.02.2023 | 20:04
Елорда ақпарат
3

ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай қызметте ерекше көзге түскен полицейлерге медальдар, грамоталар және алғыс хаттар табыс етілді.

«Елорда – тәуелсіздік пен еліміздің үздіксіз дамуының символы. Бізге қоғамдық тәртіпті сақтау және еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік жүктелген. Тәуелсіздік жылдары барысында елордалық тәртіп сақшылары ерлік пен батылдық танытып, денсаулықтарын ғана емес, азаматтарымыздың бейбіт өмірі үшін де өз өмірлерін де қатерге тігіп, көптеген ерлік істер жасады», – деді құттықтау сөзінде Е.Саденов.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Айдауыл қызметі взводының полицейі, полиция аға сержанты Ербол Қалақов, Патрульдік полиция полкінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Ардан Рысбеков «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Тылдық қамтамасыз ету басқармасының полиция аға сержанты Нұритден Әлиев, Алматы ауданы Полиция басқармасының старшинасы Нұрлыбай Сағындықов II дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Қабылдау-тарату орнының полицейі, полиция аға сержанты Мамадияр Тастаев, Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Рымбаев ІІМ грамотасымен марапатталды.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен ішкі істер органдарының ардагерлері мен елордалық полицияның үздік қызметкерлері марапатталды. 

Барлық жаңалықтар