00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Ақмоладан... – Нұр-Сұлтанға дейін» атты фотоальбомның тұсауы кесілді

24.02.2023 | 20:03
Елорда ақпарат
1

Онда еліміздің бас қаласының тарихы құрылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін фотосуреттерде көрсетілген.

 Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы Нұр-Сұлтан қаласының аз ғана уақытта әлем астаналарының біріне айналғанын тілге тиек етті. 

“Бүгінгі фотокөрмеде біздің әрқайсымыз болған трансформацияның ауқымына көз жеткізе аламыз. Біздің елордамыз еліміздің тыныс-тіршілігінің индикаторы болып табылады. Ал Нұр-Сұлтан қаласы рекордтық қысқа мерзімде мемлекеттің бет-бейнесі ғана емес, сондай-ақ халықаралық қоғамдастықтың саяси және экономикалық күштерін одан әрі дамытуды айқындайтын орталыққа айналды”, – деп түйіндеді Дәрменияр Қыдырбекұлы.

 Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай да өз кезегінде фотоальбомның маңыздылығына тоқталып өтті. 

“Кез келген дамыған елде ең бірінші архив құжаттары үлкен маңызға ие. Сондықтан да бүгінгі фотоальбомның ішіндегі әрбір сурет, әрбір құжат ертеңгі күні үлкен маңызға ие болады”, – деді Дархан Мыңбай. 

Іс-шара барысында ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова фотоальбомды құрастыруға қатысқан барлық фототілшілер мен құрастырушыларға алғысын білдірді.

“Биыл 30 жыл толып отырған Тәуелсіздігімізді тұғырға қондыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор. Егемендік пен Елбасы егіз ұғым. Елордамызды ерке Есіл жағасына қондырып, өз еркімізбен Ақордамызды тігуіміз сол Егемендіктің жемісі. Бұл фотоальбом сол ерен ерлік жолындағы еліміздің жүріп өткен сапарын көрсететін құнды құжат болмақ”, – деп атап өтті Сағила Есімсейітқызы.     

Шараға Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары мен Мәдениет және спорт министрлігі өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Ғылыми кеңесі мүшелері, белгілі тарихшы-ғалымдар, фототілшілер мен архив қызметкерлері қатысты. 

 

Барлық жаңалықтар