00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елорда Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтуге дайындалып жатыр

24.02.2023 | 20:01
Елорда ақпарат
1

Тәуелсіздік күніне екі күн қалды. Мерекеге орай әкімдік бірнеше алаңды, даңғылдар мен көшелерді безендіре бастады.

Көшелердегі Мемлекеттік рәміздердердің инсталляциялары тұрғындарға ерекше сезім сыйлап, патриоттық рухты арттырады.

Тәуелсіздік күні қарсаңында қаланың барлық орталық даңғылдарында еліміздің жалаулары желбіреді.

"Есіл" ауданының Сарайшық, Қонаев, Достық, Сығанақ, Орынбор көшелерінің, Тұран, Қабанбай батыр даңғылдарының жарықтандыру тіректеріне жалаулар орналастыру жоспарланған.

Аспан түстес көгілдір түс іс-шараның патриоттық рухын көтеріп, ерекше әсерге бөлейді.

Қала көшелері мен нысандары "Сарыарқа" ауданында да белсенді безендірілуде. Бұл ауданда инсталляциялар, панно және жалау құрылымдары орнатылған.

"Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" инсталляциялары әр түрлі көлемде ұсынылған. Әсіресе, түнгі уақытта бұл инсталляциялар ерекшеленеді. Мерекелік тақырыптағы билбордтар бүкіл қала бойынша орналастырылған.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерейтойлық инсталляциялар қаланың көрікті жерлеріне жаңа көрініс сыйлады. Айта кетейік, Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада мерекелік отшашу өтеді.

Барлық жаңалықтар