00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Тәуелсіздік күні қарсаңында үздік теміржолшылар марапатталды

24.02.2023 | 20:01
Елорда ақпарат
3

Өндіріс озаттары жоғары кәсібилігі, мінсіз еңбегі және теміржол көлігін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін атап өтілді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен Астана жол дистанциясының жол шебері Сабырбек Қашқымбаев, Атырау жол дистанциясының бастығы Аманқос Жылқыбаев, Жаңа-Семей станциясының бағыттамалық постының аға кезекшісі Мүби Мүбарақов марапатталды.

Теміржол саласының жоғары марапаты – «Құрметті теміржолшы» белгісіне өз мамандығына ондаған жылын арнаған бес теміржолшы ие болды. Марапатталғандар арасында «Вагонсервис» АҚ Павлодар учаскесінің техникалық жолаушылар паркін жөндеу жөніндегі слесарь-электригі Владимир Сваричевский, Тобыл станциясының диспетчері Виктор Ермак, Ақадыр белгі беру және байланыс дистанциясының диспетчері Азамат Шәкенов, Шымкент жол дистанциясының жол шебері Еділбек Тағаев және Екібастұз электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Абай Әлжанов бар.

Еңбектегі жетістіктері үшін «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен астаналық орман екпелерін қорғау дистанциясының шебері Кенжеғали Шоқақов және Қарағанды электрмен жабдықтау дистанциясының электр механигі Рахат Жананиет марапатталды.

Барлық жаңалықтар