00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бөгенбайдың туажаты батырдың дулығасын Қарулы күштер музейіне тапсырды

24.02.2023 | 19:59
Елорда ақпарат
8

Батырдың қазасынан соң оның құрал-сайманы үш ғасыр бойы ұрпақтарында сақтаулы болыпты, уақыт өткен сайын олар бір-біріне беріп отырған. Бүгінге дейін дулығаны Бөгенбай батырдың жетінші ұрпағы, яғни туажаты Жабай Кенжалин сақтап келіпті. Жабай қазір Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Малтабар ауылында тұрады.

Аталмыш музейдің басшысы, полковник Нұртаза Әсіловтің айтуынша, мұндай іс-шаралар жастар арасындағы патриотизмді қалыптастырады.

“Алдымызда айтулы уақиға – Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы келе жатыр. Осы күн қарсаңында біздің музейдің қорына аса құнды тарихи маңызы бар жәдігер табысталды. Бөгенбай батыр – өз заманының қаһарманы, жоңғарлармен қарсы соғыста аянбаған, ерліктің небір тамаша үлгісін көрсеткен ержүрек болған”, – деді ол.

Барлық жаңалықтар