00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Рахмет саған, туған ел!» атты ІІІ қалалық патриоттық әндер байқауының жеңімпаздары марапатталды

24.02.2023 | 19:58
Елорда ақпарат
1

Байқау 2021 жылдың 10 желтоқсанында өткізілген, оған елорданың 44 білім беру ұйымының ішінен 11 үздік әкелер мен ұлдар ұжымы қатысты.

«Рахмет саған, туған ел» байқауы әр салада қызмет етіп жүрген, бірақ қоғам алдындағы міндеті бір белсенді әкелерді біріктіріп отыр. Бұл байқаудың нақты міндеттері музыкалық өнер саласындағы қатысушылар арасында талантты анықтау ғана емес, сонымен қатар бірлескен әуесқой отбасылық шығармашылықты насихаттау және отбасылық тәрбие үшін әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға көбірек әкелерді тарту болып табылады. Салтанатты іс-шара Білім басқармасының қолдауымен, Елорда Әкелер кеңесі, М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының ұйымдастырылуымен өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Бас жүлде – №52МГ, жет. Рсмағанбетов Т.Қ.

I орын - №79МЛ,жет. Бегимбетов М.Б.

II орын – №64МЛ, жет. Кудерина Ж.А., Сарсенбаева Т.Ж.

II орын - №59МЛ, жет. Базгалеев С.К.

III орын - №87МГ, жет. Жумаханова А.Т., Бейсенбаев Ж.

III орын - №77МГ, жет. Сағындық Ж.Ж.

III орын - №22МГ, жет. Кабиева Ж.К.

Номинациялар:

«Ерекше ән айту шеберлігі» - №71МЛ, жет. Аканбаева С.К.,

Раимбекова А.М.

«Үздік тақырыптық ән» - №29ОМ, жет.Мусатаева Н.Ш., Қали А.М.

«Үздік патриоттық ән» - №58МГ, жет. Арапова Б.К., Омиров М.

«Өнерлі әншілер» - №89МЛ, жет. Карашаева Г.К.

Байқаудың барлық финалистері Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының дипломдарымен және ұйымдастыру комитетінің естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Барлық жаңалықтар