00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада өрт сөндіру қызметінің жаңа әкімшілік ғимараты ашылды

24.02.2023 | 19:55
Елорда ақпарат
5

Салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД басшылық құрамы қатысты. Ғимараттың ашылуы барысында өрт сөндіру техникалары көрсетілді. 

Аталмыш ғимарат 1984 жылы салынып, 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің балансынан берілген. Өрт сөндіру қызметінің аппарат басқармасының қызметкерлері орналасатын бұл ғимараттың жалпы аумағы 878 шаршы метрді құрайды. Қайта күрделі жөндеуден өткен ғимаратта 49 кабинет пен бөлмелер бар. 

Юрий Ильин өз сөзінде департаменттің және өрт сөндіру қызметінің жеке құрамын жаңа әкімшілік ғимараттың ашылуымен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, елордалық құтқарушыларға мықты денсаулық, отбасылық бақыт және Отанымыз – Қазақстанның гүлденуі үшін кәсіби табыс тіледі.

Сонымен қатар, салтанатты ашылу барысында «Тарих және тағдырлар» атты деректі фильмнің тұсаукесері өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған деректі фильмде Қазақстанның тәуелсіз жылдарындағы елордалық өртке қарсы қызметінің құрылуы, дамуы мен жеткен жетістіктері жөнінде айтылған. 

Барлық жаңалықтар