00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еуразия ұлттық университетінде жас ақындар айтысы өтті

24.02.2023 | 19:54
Елорда ақпарат
3

Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және Қазақстан Жастарының Конвентінің мұрындық болуымен өткен бұл іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен келген 14-29 жас аралығындағы ақындар қатысты.

Жиын басында сөз алған университет ректоры Ерлан Сыдықов:

”Таяуда ғана «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы елдіктің жеті тұғырын атады. Солардың бірі ретінде ұлттық мәдениетті халықтың рухани тірегі деп атаған болатын. Айтыс өнері – біздің руханиятымыздың бір саласы, төл өнеріміз. Осындай құндылықты бойына сіңіріп өсіп келе жатқан жас толқынның қадамы құтты бола бергей!”, – деп қатысушыларға ақ жол тіледі.

Айтысқа еліміздің әр өңіріндегі ЖОО-нан келген Ерасыл Әйментаев, Сағыныш Сімет, Абзал Бақаш, Ақбота Манарбекова, Жамбыл Бақытәліұлы, Айшолпан Төлеутай, Алтынай Қанапия, Азатбек Бергенбеков, Фариза Жетпіспаева, Мейірбек Саламанов қатысып, 5 жұп болып, қыз бен жігіт айтысын жасады.

Айта кету керек, бүгінде айтыс өнері мамандық ретінде екі ЖОО-да, атап айтсақ, елордадағы “Шабыт” Қазақ ұлттық өнер университеті мен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқытылады.

Айтыс Еуразия ұлттық университетінің сахнасында бірінші рет өтіп отырған жоқ. Университеттегі “Топжарған” жас ақындар клубының ұйымдастыруымен он бес жылдан бері мұнда елімізден ғана емес, алыс-жақын шетелдерден келген ақындар дәстүрлі түрде бас қосып тұрады.

 

Барлық жаңалықтар