00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада жемқорлықпен күрес жайлы жаңа кітап жарыққа шықты

24.02.2023 | 19:47
Елорда ақпарат
1

Үш жылдан астам уақыт бұрын астанада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен қала әкімдігі өзара бірлесіп, «Астана – адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобаны өмірге әкелген болатын. Оның негізгі мақсаттары – тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты төмендету, мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен айқындығы жолымен билік органдарына деген халық сенімін жоғарылату.

Автордың өзі кезінде «Адалдық алаңы» жобасының тұжырымдамасын әзірлеуге, оның идеологиясын белгілеуге өз үлесін қосқан.

«Ол кезде агенттік төрағасы Алик Шпекбаев, ал елорда әкімі Әсет Исекешов болатын. Басшылық жақ бастаманы құп алған соң, дереу ісіміз өрге домалап, ә дегеннен жобаны бастап кеттік. Осы жобаның арқасында елордада тұтынушыларға қызмет көрсететін «iQALA» орталығы, сервистік әкімдіктер ашылды, «Ашық бюджеттің интерактивтік картасы» платформасы енгізілді. Тәжірибе табысты болған соң, жобамыз республиканың өзге де өңірлерін таралып, ауқымы кеңейді. Атқарылған жұмыстың бәріне есеп бере отырып, биыл сәуірде кітап жазып шығу туралы ой келді. Мұндағы дүние мемлекеттік қызметкерлерге ғана емес, жалпы бұқара қауымға пайдалы болады деп ойлаймыз», – дейді жаңа туындының авторы Жазира Жылқышиева.

Сондай-ақ ол осы жобаны жүзеге асыру барысында еліміздің денсаулық сақтау, білім беру, сәулет және т.б. салаларындағы тұрмыстық сыбайлас жемқорлық барынша азайғанын айтты.

Кітаптың тұсаукесеріне Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жакенов, ақын Дәулеткерей Кәпұлы және басқа да қоғам қайраткерлері қатысты.

Айта кетейік, бүгін, яғни 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні.

Барлық жаңалықтар