00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Ел және Елбасы» кітабының тұсаукесері мен фотокөрме өтті

24.02.2023 | 19:45
Елорда ақпарат
1

Мырзатай Жолдасбеков, Қуаныш Сұлтанов, Оралбай Әбдікәрімов, Сауытбек Әбдірахманов сияқты тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына зор үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен өткен салатанатты іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат ашты:

«Тәуелсіздік жылдарының ішінде «Егемен Қазақстан» газеті егемен, жас мемлекетіміздің айшықты хабаршысы болды. Оның беттерінде елдегі маңызды оқиғалардың көрінісі қамтылып, қоғамдағы жағдай талданып отырды. Әрине, әділ сын да аз болған жоқ. Назарларыңызға ұсынылып отырған «Егемендік және Елбасы» фотокөрмесі мен «Ел және Елбасы» кітабы – «Егемен Қазақстан» газеті ұжымының үлкен еңбегі. Осы орайда газет ұжымының мүшелеріне шығармашылық табыс пен шабыт тілейміз!» - деді ол.

Фотокөрмеге қойылған 50-ге жуық фотосурет тиімді экономика мен саяси жүйені дамытудың өзіндік үлгісі бар заманауи Қазақстанның қалыптасуындағы, этносаралық қатынастарды үйлестіру жолында азаматтық бірегейлікті, этносаралық түсіністікті нығайтудағы Елбасы қызметінің маңызды кезеңдерін айқындайды.

«Көрмедегі жұмыстар – Шүкір Шахай, Игорь Бургандинов, Юрий Беккер, Орынбай Балмұрат, Ерлан Омаров сияқты «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің белгілі фототілшілері түсірген суреттер. Ел тарихына қосқан үлестері үшін оларға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Көрмеге ұсынар суретіміз көп болғандықтан, таңдау қиынға соқты. Сондықтан Тәуелсіздіктің басталуы, мемлекеттік институттардың құрылуы мен мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, тұңғыш қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшуы мен астананың көшірілуі сияқты елдегі маңызды сәттерді бейнелейтін, ең маңыздыларын таңдауға тырыстық», - деді «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

Фотокөрменің аясында таныстырылымы өткен «Ел және Елбасы» жинағына Елбасының әріптес мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, үзеңгілестерінің «Егемен Қазақстан» газетінде жариялаған мақалалары мен естеліктері кірген.

Фотокөрмеге келушілер Қазақстанның дамуындағы жаңа белестерге жол ашқан Тәуелсіздік тарихының аса маңызды қадамдарымен танысуға мүмкіндік алады.

Барлық жаңалықтар