00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Вильнюсте литва тіліне аударылған «Қазақстан тарихы» кітабының тұсаукесері өтті

24.02.2023 | 19:39
Елорда ақпарат
1

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға Сеймнің депутаттары, Сыртқы істер министрлігінің, іскерлік және академиялық орта өкілдері, Қазақстанның құрметті консулдары, мәдениет қайраткерлері мен қазақстандық студенттер қатысты.

Кітаптан литвалық оқырман қазақ халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы, сондай-ақ бостандық пен тәуелсіздік үшін күресі туралы біле алады.

ҚР Елшісі Виктор Темірбаев бұл іс-шара Қазақстан-Литва мәдени қатынастарындағы маңызды оқиға екенін атап өтті.

Дипломат қонақтарды Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында қол жеткізілген еліміздің үш онжылдықтағы табыстарымен таныстырып, қазіргі таңда бұл бағытты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп келе жатқанын атап өтті.

Кітап авторы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры Еркін Әбілдің айтуынша, бұл басылымның негізгі мақсаты – оқырманды Ұлы дала өркениетінің тарихымен таныстыру. Ол соңғы жылдары республика басшылығы Қазақстан тарихының аспектілерін ғылыми тұрғыдан зерттеуге көп көңіл бөліп келетінін айтты.

Кітап Литваның жетекші университеттерінің кітапхана қорларына және Вильнюс, Клайпеда және Каунас орталық қалалық кітапханаларына жіберіледі. 

Барлық жаңалықтар