00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

АҚШ Президенті Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады

24.02.2023 | 19:29
Елорда ақпарат
1

ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Джозеф Байден АҚШ-тың Қазақстанмен кеңейтілген  стратегиялық серіктестікті және өңірлік тұрақтылықты ілгерілету, климаттық дағдарысты шешу, демократиялық институттардың тиімділігін арттыру мен адам құқықтарын құрметтеуді дамыту бойынша ынтымақтасуға ниетті екенін жеткізген.

«Қазақстанның Орталық Азияда мен бүкіләлемдік бейбітшілік, тұрақтылық пен гүлденуді сақтау жолында көш бастап келе жатқанының 30 жылдық мерейтойы қарсаңындағы қуанышыңызға ортақпын», – деп жазды америкалық көшбасшы.

Оның пікірінше, алдағы уақыттағы ықпалдастық екі елдің халықтары үшін жаңа жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік береді. Осы орайда ол Орталық және Оңтүстік Азия өңірлеріндегі өзара байланыстар мен экономикалық өсуге ықпал ету бойынша «Қазақстанның орасан зор күш-жігерін» жоғары бағалады.

Барлық жаңалықтар