00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Алпамыс» ұлттық операсы фэнтези стилінде ұсынылады

24.02.2023 | 18:14
Елорда ақпарат
3

Сондай-ақ қойылым тобының құрамында: дирижер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин, режиссердің кеңесшісі – Найля Рахмадиева. Бас хормейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Сценографтар және костюмдер бойынша суретшілер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Софья Тасмағамбетова мен Павел Драгунов. Хореографтар – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Тұрсынбек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаева. Опера труппасының директоры – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов.

Ұлттық эпостық кейіпкер Алпамыс батырға арналған опера сюжетімен қатар, бақыт, еркіндік пен туған жер үшін қазақ халқының күресі мен махаббатын жырлайтын осынау туындының бірізді музыкалық драматургиясы шығармашылық топтың көңілін бірден арбады.

- Бұл тұрғыдан Е.Рахмадиевтің музыкасын ғажап, көрермен жүрегіне терең бойлайды деп есептеймін. Алдағы спектакльдің маңызды тезисі – Жер-ана бейнесінде қазақ халқының барлық қайғы-мұңы мен шаттығы, ерлігі мен көз жасы, махаббаты мен арман-мұраты біріктірілген. Ол – спектакльдің қойылуына арқау болған барлық көріністің шарықтау орталығы. Жер-ана қаза болғандарды жоқтайды, батырларын мадақтайды және жауларын түп-тұңғиыққа әкетіп, жер қойнауына алып, көзін құртады. Суретшілермен жұмыс барысында біз тұтас сахнаны қамтитын осы бейненің ауқымдылығын көрсетуге тырыстық. Сөйтіп, алып тау, төбе және ұшар басында әртістің (Жер-ана) тұлғасымен жалғасқан жанартау кратері көрініске енеді. Менің пайымдауымша, спектакль сана мен эмоцияның біртұтас ағыны іспетті үздіксіз өтуі тиіс. Алпамыс хикаясы ертегі кейіпкерлері – сиқыршы Мыстан, оның ұлы жануар-адам Тазша, қара күштердің залым қызметшілері бар мифологияға негізделгенін ұмытпау керек. Бұл жағынан қиял-ғажайып көріністердің Тайшық ханның сән-салтанатты сарайларымен қарама-қайшылығы қызықты болады деп үміттенемін, - деді қоюшы режиссер Юрий Александров.

- Суретшілермен бірге қойылымның жанрын фэнтези деп таңдадық. Таңғажайып оқиғалармен және түрленулермен қатар сахнада шын мәнінде шекспирлік құштарлық шарықтай түседі. Мысалы, Тайшық ханның бейнесі – өз қызын өлтірген адамның қасіреті. Орындаушы бұл көрініске өте мұқият, жан-жақты қарауы тиіс. Алпамыс өте романтикалық сипатталған, тіпті жан тебірентерлік деп те айтар едім. Ол қаруды шебер игерумен қатар, адал әрі жан-тәнімен сүйетін адам. Сүйікті жауынгер, сүйікті батыр – бұл да қазаққа тән тақырып, - деп бөлісті Юрий Александров.

Дайындық залдарында қойылым үрдістері қызу жүріп жатыр. Алпамыс партиясын Расул Жармағамбетов, Ержан Саипов және Талғат Ғалеев дайындауда. Гүлбаршын бейнесін Жамиля Джаркимбаева, Айгүл Ниязова, Жаннат Бақтай, Айзада Қапонова сомдайды. Ана (Жер-ана) – Татьяна Вицинская, Салтанат Мұратбекова. Тайшық хан – Шыңғыс Расылхан, Жанат Шыбықбаев, Болат Есімханов. Қаракөз – Салтанат Ахметова мен Әсем Сембина. Жырау – Ерлан Рысқали, Хайдар Мұстапин, Мыстан – Бибігүл Жанұзақ, Гүлжанат Сапақова. Кейқуат – Абылай Бекен, Әлихан Зейнолла. Қараман – Бейімбет Таңарықов, Ерұлан Кәмел, Ұлтан – Ерұлан Кәмел, Рамзат Балакишиев.

Барлық жаңалықтар