00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Аз қамтылған отбасы балалары қуыршақ театрының қойылымын тегін тамашалады

24.02.2023 | 17:36
Елорда ақпарат
6

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған театрлар фестивалі аясында С.Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ театры Нұр-Сұлтанда бірнеше қойылым қояды. 

С.Образцов атындағы қуыршақ театрының әртістері елорда тұрғындары мен қонақтары үшін өнер көрсетті. «Тұрандот» ертегісі Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Алтын маска» ұлттық театр сыйлығының лауреаты, режиссер Борис Константиновтың авторлық нұсқасында қойылды.

Спектакльде екі әлем қақтығысады – классикалық Қытай мен романтикалық Венеция. Сахнада қатыгез сұлу Тұрандот пен ханзада Калафтың махаббаты баяндалады. Сол сияқты Венецияның көпірін, суға шағылысқан айдың сәулесін, сыңғырлаған қоңырауды, су бетінде жүзген қайықтарды байқауға болады. Оның желісі кімді болсын бей-жай қалдырмайды.

«Тұрандот» спектаклі – ересектерге арналған ертегі. Бұл ақылы таяз ер адамдардың басын алған ханшайым жайлы. Бірақ ертегі желісі бойынша жағдайдың бәрін түзететін ақсақал шығады және ол оның әйеліне айналады», - деді С. Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық орталық қуыршақ театрының бас режиссері Борис Константинов.

Сондай-ақ, орыс театры Ганс Христиан Андерсеннің «Снеговик» ертегісін қояды. Бұл – аққала мен пештің арасындағы махаббат жайлы әңгіме.

Ресейлік қонақтар Қазақстанның қонақжайлығын ерекше атап өтіп, алдағы уақытта Нұр-Сұлтанға қайта келеміз деген үміттін білдірді.

«Нұр-Сұлтан бізді жылы қарсы алды. Өз үйімізде жүргендей сезімде қалдық. Көшеде де, сахнамызда да қар жауып тұр, аққала пайда болды. Қала өте сұлу. Тұрғындары да мейірімді. Алдағы уақытта қуана-қуана оралғымыз келеді», - деді Борис Константинов.

Айта кетейік, спектакльге әлеуметтік осал топтан шыққан елордалық мектеп оқушылары тегін қатысты.

Ресейден келген театр 3 қараша күні «Необыкновенный концерт» күлкілі қуыршақ ревюін қояды. Қуыршақтар әншілерді, бишілерді, музыканттарды, цирк жаттықтырушыларын, сиқыршыларды және басқа жанрдағы әртістерді пародиялайды.

Айта кету керек, бұл спектакль гастрольдер мен көрсетілімдер саны бойынша рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енгізілген. Оны әлемдегі ең көп көрермен тамашалады. Қойылымды Эдуард Апломбов өткізеді. Оның көрермен қауымның жүзіне күлкі үйіріп, көңілін бірден көтере алатын дарыны бар.

Естеріңізге сала кетейік, театр фестивалі Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Спектакльдерден басқа бейнелеу өнерінің көрмелері, актерлік шеберлік бойынша мастер-кластар, конференциялар және т.б. ұйымдастырылды.

Қонақтар мен қатысушылар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шараға Ashyq қосымшасы арқылы ғана кіретін болады.

Барлық жаңалықтар