00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Нұр-Сұлтанда күзгі əскери-патриоттық ойындар өтті

24.02.2023 | 15:36
Елорда ақпарат
6

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің аумағында өткізілген іс-шара барысында ұлдар нағыз әскери өмірдің қыр-сырымен танысып, патриоттық тәрбиеге бағытталған жарыстарға қатысты. 

Тәрбиеленушілер әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, белтемірге тартылудан, автоматты бөлшектеуден, жалпы әскери қорғаныс жиынтығын киюден, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нормативтерді орындаудан жарысты. Бұл ойындардың жаңалығы "Smart Sarbaz" робототехника байқауы болды. 

Жекелеген жарыстар бойынша үздік нәтиже көрсеткен "Жас сарбаз" тәрбиеленушілері Нұр-Сұлтан қаласының абыройын VII республикалық "Айбын" әскери-патриоттық жиынында қорғайтын болады.

"Жас сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының РҚБ Астаналық филиалы ұйымдастырған іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, "Астана жастары" КММ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Нұр-Сұлтан қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қолдауымен өткізілді.

Әскери-патриоттық ойындарды өткізу кезінде санитарлық нормалар мен карантин талаптары сақталды.

Барлық жаңалықтар