00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Жас Сарбаз – Тәуелсіздік тірегі!» күзгі әскери-патриоттық ойындары басталды

24.02.2023 | 15:20
Елорда ақпарат
5

«Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Елордалық филиалы ұйымдастырған бұл ісшара Нұр-Сұлтан қаласы  әкімдігі, «Астана жастары» КММ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментіні қолдауымен жүргізіліп отыр. Әдеттегідей әскери бөлімдердің базасында кезектесіп жүргізілетін жарыстар бұл жолы қаламыздағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің аумағында өтуде.  

Іс-шара барысында жас өреңдерге нағыз әскери өмірдің қыр-сырлары таныстырылып, патриоттық тәрбиелелуге бағытталған жарыстар ұйымдастырылуда.

Салтанатты ашылу рәсімі 5573 әскери бөлімі әскери ансамбілі концертімен жалғасты. Оқушыларға әскери қару-жарақтар мен техниканың түрлері, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігі мен орындайтын тапсырмалары, қолма-қол ұрыс пен жекпе-жек тәсілдері көрсетілді.

Жас сарбаздар командалары белтемірге тартылу, автоматты бөлшектеу, химиялық қарудан қорғаныш костюмін кию, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нормативтивтерді орындаудан жарыстарда күш сынасуда.

 «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек:

«Ісшарамыз тәрбиеленушілеріміз үшін күзгі мезгілдегі әскери қолданбалы спорттық жарыстардың ішіндегі асыға күтетін және үздік «Жас Сарбаздықтар» анықталатын ерекше платформа болып есептеледі. Жүзден жүйрік шыққан жасөспірімдер Республикалық VII «Айбын» әскери-патриоттық жиындарында Елордамыздың намысын қорғайды», - деді.

 

«Ісшаралар сантирарлық талаптарды қатаң сақтай отырып өткізілуде. Бүгінгі жарыстағы жасөспірімдер – ертең ел тыныштығын қорғайтын азаматтар. Осы себепті әскери-патриоттық тәлім-тірбие берудің әрқашанда жастар тәрбиесінде алар орыны зор!» - деп ой түйіндеді  Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің бастығы Мұрат Берекполов.

 

Барлық жаңалықтар