00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы Салидат Қайырбекованың атымен аталады

24.02.2023 | 14:55
Елорда ақпарат
4

Конференция ҰҒДСДО атауының өзгеруі мен еліміздің көрнекті саяси қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, алғашқы әйел Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың есімінің берілуіне орайластырылған. Сондай-ақ, іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. 

Шарада Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ), БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), БҰҰ халық қоныстануы саласындағы қорының (ЮНФПА), халықаралық және шетелдік ұйымдардың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері және ғылыми-академиялық ортаның өкілдері сөз сөйледі.

Конференцияның пленарлық отырысын ашқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өз сөзінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесі КВИ пандемиясына байланысты туындаған сын-қатерлерге екінші жыл қарсы тұрып жатқанын атап өтті.  

Конференция жұмысына Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық аймағының аймақтық директоры Ханс Клюге, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы елдік кеңсесінің жетекшісі Кэролайн Кларинваль, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан кеңсесінің (ГҚО) басшысы Мелита Якаб Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының Салидат Қайырбекованың атымен аталуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Конференция барысында Салидат Зекенқызының еңбек жолы, салада атқарған қызметі туралы бейнеролик көрсетілді. Онда әріптестер С. Қайырбекованың елдегі денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, медициналық ұйымдарды аккредиттеуге, лицензиялауға және басқа да оң өзгерістерге қосқан баға жетпес үлесін еске алды.

Барлық жаңалықтар