00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды

14.09.2023 | 11:30
11
Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлады Elorda.info  KazInform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ОСК хабарлауынша, қараша айының алғашқы жексенбісінде аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтеді.

 Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау қараша айының бірінші жексенбісінде, яғни 5 қарашада өтеді, - деді Н. Әбдіров. 

ОСК төрағасының айтуынша, биылғы сайлау пилоттық жоба ретінде қолға алынып отыр. 

Биыл алғаш рет аудандар мен облыстың маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау пилоттық режимде өткізіледі. Заңнамаға сәйкес пилоттық өңірлердің тізімін және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды өткізу күнін белгілеу жөніндегі өкілеттіктер мәслихаттарға бекітілген,- деді ол

Сонымен 17 облыстың мәслихаттары пилоттық режимде сайлау өткізу үшін 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалардың тізімін бекітті. Оның ішінде 3 қала және 42 аудан бар. 

Отырыста аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың әкімі лауазымына кандидаттарды ұсынудың, тіркеудің және сайлауалды үгіттің қашан басталатындығы туралы мәлімет берілді. 

Кандидаттарды ұсыну сайлау күні тағайындалғаннан кейінгі күннен басталады. Егер тағайындауды ертеңге күтсек, онда бүрсүгіні ұсыну басталып, ол дауыс беру күніне 30 күн қалғанда аяқталады. «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екі кандидаттан кем ұсынылса, онда аумақтық сайлау комиссиясы ұсыну мерзімін ұзартуға құқылы,-деді  ОСК төрағасының орынбасары  Константин Петров.

Барлық жаңалықтар