00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Пара каратэден әлем чемпионы елордалық спортшы үйінен дауыс берді

01.04.2023 | 00:35
Елорда ақпарат
2

Бүгін денсаулығына байланысты үйлерінде отырған мүмкіндігі шектеулі Астана қаласының спортшылары да таңдау жасауға мүмкіндік алды, деп хабарлады Elorda.info.

№88 сайлау учаскесінде тіркелген Астана қаласының спортшысы, пара каратэден әлем чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері Дидар Мұхамеджанов дауысты өз үйінде берді.

Спортшының дауыс беру процесі үй жағдайында ұйымдастырылып, бюллетендер оның тұрғылықты мекен-жайына жекізілді.

Дүбірлі додаларда еліміздің көк байрағын биікке көтеріп жүрген жерлесіміз ел игілігі жолындағы барлық маңызды саяси шараларға белсене араласып келе жатқанын айтады.

Қазақстан жастардың қолында деп сенемін. Дауыс беру – әр азаматтың парызы. Елдің болашағы үшін бүгін менде өз үйімде дауыс бердім. Мен үшін сайлауға қатысу және дауыс беру-бұл бақыт. Осылай бізді елеп ескеріп дауыс беру парағын үйімізге жеткізіп, жағдайымызды жасап жатқан Астана қаласының әкімдігіне ерекше алғысымды білдіремін. Жұртымыз аман болсын",- деді пара каратэден Әлем Чемпионы Дидар Мұхамеджанов.

Осыған дейін  бір де бір сайлаудан тыс қалмаған жерлесіміз осылайша өз таңдауын өз үйінде жасады.

Барлық жаңалықтар