00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Астанадағы учаскелерде сайлау стандартқа сай өтті - халықаралық байқаушы

01.04.2023 | 00:35
Елорда ақпарат
2

Норвегия мен Польшадан келген халықаралық байқаушылар халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингте Парламент Мәжілісінің және мәслихаттар депутаттарының бүгінгі сайлауының демократиялық процестерді нығайту үшін маңыздылығын атап өтіп, өз елдерінде демократияның қалай дамығаны туралы айтып берді, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанда халықаралық байқаушы ретінде қатысып отырғаныма өте қуаныштымын. Демократия құру ұзақ уақытты қажет ететінін білеміз. Норвегияда демократия құруға 3 ұрпақ қатысты. Демократия бір күнде құрылмайды. Мұны түсіну керек. Шыдамдылық қажет, - деді Оңтүстік Шығыс Норвегия университетінің лекторы, Молде университетінің доценті, «Procuratio Consulting» компаниясының кеңесшісі Гленг Агунг Холе.
 

Польшадан келген халықаралық байқаушы өз әріптесін қолдады. 
 

Бүгінгі сайлау демократияландыру үдерісіндегі маңызды сәт деп санаймыз. Мен Астанадағы үш учаскеде болдым. Барлығы жақсы сияқты, бәрі стандартқа сай өтті, - деді «Бойма» атындағы Азия және жаһандық зерттеулер институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі Ежи Олендзкий.


Барлық жаңалықтар