00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Елордада сайлау қалай өтті

01.04.2023 | 00:34
Елорда ақпарат
1

Таңғы сағат 7:00-де басталған сайлау сағат 20.00-де аяқталды. Біз Астана қаласы Байқоңыр ауданындағы бірнеше сайлау учаскесіне арнайы барып, сайлаудың қалай өткені туралы білдік, деп хабарлады Elorda.info.

Учаскедегі 2740 дауыс берушінің біразы келді. Енді заңға сай 12 сағаттың ішінде қорытындысы беріледі. Әрине, бюллетеньдерді санап, тездетіп қорытынды шығаруға мән береміз, - деді №88 сайлау учаскесінің төрағасы Нұрлан Ғалимов өз учаскесінде 20.00-де дауыс беру жабылғанын хабарлап.

Ал, №87 сайлау учаскесінің төрағасы Айгүл Оңдағанқызының сөзінше, 2580 сайлаушының көпшілігі дауыс берді. Алайда нақты қорытынды бюллетень саналғаннан кейін шығарылады.


Айта кетейік, республика бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскесі жұмыс істеді. Жалпы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатысқан елордадағы халықтың белсенділігі төмен емес. 

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ 

Барлық жаңалықтар